Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы
Тараз қаласы білім бөлімінің
"№29 бөбекжай-бақшасы"
мемлекеттік коммунальдық қазыналық кәсіпорны
Қабылдау бөлімі :
+7(7262) 52-87-55
Есепші бөлімі:
+7(7262) 52-88-13
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Конкурс жариялау
05
сентябрь
2022

Конкурс жариялау

Конкурс өткізу туралы хабарлама
Мекеме атауы: Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Тараз қаласының білім бөлімінің «№29   бөбекжай-бақшасы» МКҚК
Орналасқан жері: Тараз қаласы, Жібек жолы көшесі №66 а
Телефон нөмері:  8(7262) 52-88-13
Пошталық мекен-жайы: det_sad_29mail.ru
Бос лауазым атауы: Тәрбиеші (уақытша)
Еңбек ақы мөлшері: 100000 (еңбек өтілі, біліктілігі, біліміне қарай)
Негізгі функционалдық міндеттері:
  1. Мекемеде балалардың өмірі және денсаулығын қорғау нұсқауына сәйкес өзіне сеніп тапсырылған тәрбиеленушілерге қарауды жүзеге асырады.
  2. Балаларға алғашқы көмек көрсетеді.
  3. Балаларың психикалық және діни дамуына,денсаулығын нығайтуға әсер ететін кешенді іс-шаралар үнемі медбикемен бірлесе атқарады.
  4. Бөбекжай-бақшасының басқа да қызметкерлерімен оқу-тәрбие үрдісін жүзеге асыру жұмысын жоспарлайды және ұйымдастырады.
  5. Ұйымдастырылған іс-әрекетіне жан-жақты дайындалады.
  6. Топта тәрбиелеу мен білім беру бағдарламасының жүзеге асырылуына жағдай жасайды.
  7. Ұйымдасқан түрде балаларды келесі ауысымдағы тәрбиешіге тапсырады.
  8. Бөбекжай-бақшасының меңгерушісі мен мед.бикеге тәрбиеленушінің денсаулығында өзгерістер болған жағдайда дер кезде хабарлайды.
  9. Балалардың қатысу табелін жүргізеді.
  10. Бөбекжай-бақшасына жаңадан келген балалардың бейімделуіне көмектеседі.
  11. Күн  тәртібінің орындалуын қатаң сақтайды.
  12. Бөбекжай-бақшасында өтілетін педагогикалық кеңестер мен семинарларға қатысады.
  13. Үнемі кәсіби біліктілігін арттырып, білімін жетілдіріп отырады.
Құжат тізбесі:
-жеке басын куәландыратын құжат (түпнұсқасы және көшірмесі);
-кадрларды есепке алу бойынша толтырылған жеке іс парағы және сурет;
-білім туралы құжаттардың көшірмесі (түпнұсқасы және көщшірмесі);
-еңбек қызметін растайтын құжат (түпнұсқасы);
-«Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын бекіту туралы» ҚР Денсаулық сақтау министрінің   міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы №ҚР ДСМ -175/2020 бұйрығымен бекітілген нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама;
-психологиялық ұйымнан анықтама;
-наркологиялық ұйымынан анықтама;
-біліктілік тексеру сертификаты;
-түйіндеме.
Конкурсқа құжат қабылдау мерзімі: 05.09.-12.09.2022ж 
Теги:
Конкурс