30
сентябрь
2022
"Емхана" сюжетті-рөлді ойыны
"Балапан" ортаңғы тобының бүлдіршіндері "Емхана" сюжетті-ойынын көрсетті. Терапевт,хирург және дәріханашы мамандықтарының қыр-сырларын көрсетіп берді. Келген науқастармен сыпайы амандасып, қарап-тексеріп, денсаулыққа байланысты қажетті кеңестерін айта отырып, дәрі жазып берді. Дәріханашы дәрігер берген рецепт бойынша дәрілерін беріп, сауығып кетуін тіледі. Бір күндік ойында балалар дәрігер мамандығының өте қажеттеі мамандықтардың бірі екенін ұғына білді.